Кездесулер барысында оқушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызы, жақындар арасындағы сүйіспеншілік, қамқорлық, өзара түсіністік пен құрмет туралы әңгімелесті. Балалар отбасылық дәстүрлер жайлы өз ойларымен бөлісіп, жылы сәттерді еске алды, отбасының берік әрі тату болуына не әсер ететіні туралы ой толғады.