Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Сапаны сақтау» жобасы аясында "4-сынып оқушыларының мазасыздық деңгейін зерттеу" диагностикасы.

«Сапаны сақтау» жобасы аясында "4-сынып оқушыларының мазасыздық деңгейін зерттеу" диагностикасы.
Мектеп психологы Сердалина Т.Б 4-сынып оқушыларының психологиялық ахуалын анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу барысында оқушылардың мазасыздық деңгейі, эмоционалдық жағдайы, мектептегі бейімделуі және сыныптағы қарым-қатынасы қарастырылды.
Диагностика нәтижесінде оқушылардың басым бөлігінде мазасыздық деңгейі қалыпты екені анықталды. Сонымен қатар кейбір білім алушыларда алаңдаушылық, өзіне деген сенімсіздік және эмоционалдық тұрақсыздық белгілері байқалды. Аталған оқушылармен жеке және топтық түзету-дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Жүргізілген жұмыстар:
психологиялық диагностика өткізу;
бақылау және әңгімелесу жұмыстарын жүргізу;
ата-аналар мен сынып жетекшілеріне кеңес беру;
эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға арналған психологиялық жаттығулар ұйымдастыру.
Қорытынды бойынша оқушылардың психологиялық саулығын нығайту, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және мазасыздық деңгейінің алдын алу бағытында жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру ұсынылды.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь