Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

16-Өрт сөндіру бөліміне кәсіптік бағдар экскурсиясы

Мамыр айының 6 күні «Отан қорғаушылар» күні мерекесіне орай мектепішілік жоспарға сай кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинаның жетекшілігімен «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 8 сынып оқушылары аудандық 16-Өрт сөндіру бөліміне кәсіптік бағдар экскурсиясына барды. Ол жерде оқушыларды ТЖБ 16-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Е.Әменкин қарсы алып түсіндірме жұмыстар жүргізді.
Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті жұмысымен танысты. Сонымен қатар олар өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін, құрал-саймандарын және өрт сөндіру техникаларын (арнайы машиналарды) көрді. Мамандар оқушыларға өрт сөндіру қызметінің маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қажеттілігін атап өтті.
Аталған іс-шара оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандық таңдауға деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь