Күзгі демалыс күндері Аймақ негізгі мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары түрлі жанрдағы қызықты кітаптарды оқып, білім көкжиегін кеңейтті!!
Мақсаты:
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуды әдетке айналдыру.
Міндеттері:
Оқушыларды түрлі жанрдағы кітаптармен таныстыру.
Оқу дағдыларын дамыту және сөз қорын молайту.
Күзгі каникул кезеңінде пайдалы әрі қызықты уақыт өткізуге ынталандыру.
Оқылған кітап бойынша ой бөлісу, пікір айту дағдыларын қалыптастыру.
Еркін оқу мәдениетін, жауапкершілікті, өздігінен ізденуді дамыту.
Өткізген: кітапханашы Тургумбаева Ж.Н.