Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Адал азамат» бағдарламасы аясында «Қамқор» жобасы жүзеге асырылды.

«Адал азамат» бағдарламасы аясында «Қамқор» жобасы жүзеге асырылды.Жоба шеңберінде мектеп парламентінің Еріктілер қозғалысы қоғамға пайдалы игі іске белсене атсалысты. Қыс мезгілінде қауіпсіздік пен тазалықты қамтамасыз ету мақсатында ерікті оқушылар мектеп алдындағы спорттық корт аумағын қардан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шара оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға бағытталды. Еріктілер ұйымшылдық пен белсенділік танытып, ортақ іске бірлесе үлес қосты.
Осындай қайырымды әрі пайдалы бастамалар жас ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік және жанашырлық сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастырады. «Қамқор» жобасы — адал азамат тәрбиелеуге бағытталған нақты іс.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь