Мектебімізде 7–8 сынып оқушылары арасында «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында сурет көрмесі жоғары деңгейде өтті. Көрмеге қатысқан оқушылар туған еліміздің әсем табиғатын, бай тарихын, ұлттық құндылықтары мен бейбіт болашағын өз қиялдары арқылы бейнеледі.