Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Заң және тәртіп» айлығы аясында «Заң мамандықтары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілі Қоянбаев Р.Т., салық қызметінің өкілі Мальцева С.Ю., Жастар ресурстық орталығының басшысы Амантаев К.К. шақырылды.

2026 жылғы 20 қаңтарда «№2 Новоишим орта мектебі» КММ базасында «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Заң мамандықтары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілі Қоянбаев Р.Т., салық қызметінің өкілі Мальцева С.Ю., Жастар ресурстық орталығының басшысы Амантаев К.К. шақырылды.
Кездесу барысында оқушылар құқық саласындағы мамандықтардың ерекшеліктерін, болашақ мамандарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ заң мен қоғамға қызмет етудің маңыздылығын талқылады. Дөңгелек үстел форматы қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға, пікір алмасуға және кәсіби таңдауға қатысты түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Іс-шара мазмұнды әрі танымдық жағдайда өтіп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь