Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

"Күзгі асар" жәрмеңкесі

"Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де тәрбие жұмыстары аясында бірқатар маңызды іс-шаралар өткізіліп келеді. Соның бірі — "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Еңбегі адал – жас өрен" жобасы бойынша ұйымдастырылған "Күзгі асар" жәрмеңкесі болды.Аталған жәрмеңке 2025 жылғы 10 қазан күні мектеп қабырғасында жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекке баулу, өз еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға үйрету, қолөнер мен шаруашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ адал табыс табу ұғымын насихаттау болды.
Жәрмеңкеге мектептің барлық сынып оқушылары мен ата-аналары белсене қатысып, әр сынып өз қолдарымен дайындалған тағамдар, күзгі көкөністер мен жемістер, қолдан жасалған бұйымдар мен кәдесыйларды сатылымға шығарды. Шара барысында оқушылар сатып алу, сату, қаржы санау, жарнама жасау сияқты дағдыларды да тәжірибе жүзінде меңгерді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь