Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Ясауитану-2025» республикалық байқауы – Түркістан

Түркістан қаласында «Ясауитану-2025» республикалық байқауының финалы өтті. Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам оқушы қатысты. Олардың қатарында мектебіміздің оқушылары – 10-сынып оқушысы Әбілқайыров Мирас пен 7-сынып оқушысы Данилова Мария да қатысты.

Байқау 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын насихаттау, жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру және Әмір Темір дәуірінен сақталған тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеуге деген қызығушылығын ояту.

Байқау финалы үш кезеңнен тұрды: «Ясауи мұрасы – балаға аманат», «Білімді мынды жығар алысқанда», «Ой жүйрік». Оқушылар хикметтерді жатқа білу, олардың мағынасын түсіндіру, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру бойынша білімдерін сынады.

Жетекшісі: Жанибекова Самал Жанибекқызы.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь