Мемлекеттік рәміздер -ұлттың төлқұжаты
4 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында мектеп жанындағы лагерьде "Менің елімнің рәміздері" презентациясын тамашалау ұйымдастырылды, одан кейін балалар"Рәміздерім, сен неткен маңызды едің!" атты мерекелік іс-шараға және "Мемлекеттік рәміздер -ұлттың төлқұжаты" атты жас суретшілер байқауында белсенді қатысты. "Дюймовочка" шағын орталығының тәрбиеленушілері Қазақстан рәміздеріне арналған шығармашылық жұмыстарды орындады.
Бүгінгі күн МТШ экскурсиямен аяқталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер