Жыл сайын өтетін пән олимпиадасына мектеп оқушылары қатысты. Олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілінен 2 оқушы жүлделі 1-орынға ие болды. Олар 9-сынып оқушысы Абдықасымова Асыл және 10-сынып оқушысы Балағанова Ажар. Осы оқушылар 2017 жылдың 5-ші қаңтарында пән сайысының облыстық кезеңінде де жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Екі оқушы да жүлделі 3-орынға ие болып, облыстық білім басқармасының 3 дәрежелі дипломымен марапатталды.